in

Аймақтарда Отбасы күні апталығының алғашқы шаралары өтті

Апталықтың алғашқы күні «Отбасы: дәстүр мен бүгінгі заман сабақтастығы» тақырыбында өтті. Өңірлерде осы тақырып аясында танымдық іс-шаралар, зияткерлік ойындар және кездесулер ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Мектеп оқушылары мен жастар үшін тақырыптық сынып сағаттары, интерактивті сабақтар және аға буын өкілдерімен кездесулер өткізілді. Қатысушылар отбасындағы сыйластық, жауапкершілік, бала тәрбиесі, әулет тарихы және отбасындағы дәстүрлерді сақтау жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ отбасы құндылықтарына арналған Smart Family зияткерлік ойыны өтті.

Жиындарда жастардың шаңырақ көтеруінің мәнін терең түсіндіруге де басымдық берілді. Студенттер қаржылық сауаттылық, отбасындағы сыйластық, бала тәрбиесі және маңызды шешімдерді бірлесіп қабылдаудағы ашық әңгімелесудің мәні туралы ой бөлісті.

Апталықтың алғашқы күні ұрпақтар сабақтастығын айшықтайтын «Үлкендердің батасы» дәстүрімен басталды.

Отбасы күніне арналған апталық 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Келесі күн «Отбасын саналы түрде құру» тақырыбында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.