in

Азия ойындары: Қазақстандық спортшы кураштан жартылай финалға өтті

Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында кураштан әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақтағы белдесулер жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы салмақта Арайлым Шегенова жарысты 1/8 финалдан бастап, вьетнамдық Дыонг Тхань Тханьді 5:0 есебімен жеңді. Ал 1/4 финалда Оңтүстік Корея өкілі Жонгвон Парктан 3:0 есебімен айласын асырды. Жартылай финалдық белдесу Астана уақытымен 10:10-да өтеді.

Одан бөлек, 86 келідегі Альбина Бахиева ширек финалда Минйонг Кимнен (Оңтүстік Корея) өте алмады. Есеп: 0:10.

Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалдық белдесуд. Нұр Аманшүкіров тәжікстандық Ёсин Бобокалоновтан 0:5 есебімен есе жіберді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.