in

Адам капиталының жаңа моделі

XXI ғасырдың озық әрі тез да­мып келе жатқан техно­ло­гия­ла­ры­ның бірі – жасанды интеллект. Бұл тек бағдарлама құрастыру немесе ро­­бот жасау ғана емес, адамның бі­­лімін, тәжірибесін және логи­ка­лық тұжырымдарын жаңа деңгейге шы­­ғаратын технологиялық ре­во­лю­ция. Ол өмір сапасын өзгертіп қана қоймай, адам капиталының жаңа даму стратегиясын қалып­тас­тырады деп күтілуде. Зерттеу­ші­лер цифрландыру саласында әлем жасанды интеллект пен ав­то­ном­дық жүйелерді өмір мен биз­нес­тің барлық саласына терең ин­­­теграциялау кезеңіне аяқ басты, бұл еңбек нарығының құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мұндай жағ­дайда адам капиталының жаңа мо­делін дамыту, мамандарды дайын­­дау және адамдардың жүйе­лерді қолдана білуімен қатар, күр­делі ЖИ жүйелерін басқаруға қабілетті болуына басты басымдық берілуі керек дейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа Жол­дауында жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мі­нез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатқанын айтты. Бас­қа­ша болуы мүм­кін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адам­дардың өмір сүру салтын бір­жола өзгертуде. Біз бұған дайын бо­лып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйт­песе, артта қалу­дың салдары өте ауыр болады. Сон­дықтан мен ал­дымызға өте маңыз­ды страте­гия­лық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жап­пай цифрлық ел болуы керек», – деді.

Бұл стратегиялық мақсат елі­міздің экономикасының тиімділі­гін арт­тырып қана қоймай, білім беру, ме­дицина, өндіріс және ком­м­у­ни­ка­ция салаларында жаңа мүм­кін­дік­терге жол ашады. Алайда сала мамандарының пайым­дауын­ша, цифрлық жаңғыру барлық са­лада бірдей оң нәтиже бермеуі мүмкін. Интернет инфрақұры­лы­мы мен циф­рлық сауаттылық дең­гейі әр жер­де әртүрлі, сондықтан тех­­но­ло­гиялық даму мен әлеу­мет­тік тең­дікті қатар ұстану – басты мін­дет саналады. Сондай-ақ жаңа мүм­кіндіктер тек цифрлық құрал­дардың көптігімен емес, олардың азаматтарға нақты пайда әкелуімен өл­шенуі керек. Әйтпесе, техноло­гия­лық прогресс қоғамды бірік­тіре­­тін емес, бөлетін факторға ай­­­­налуы мүмкін.

Алгоритм адамды басқармасын десек…

Осы орайда Үкімет жедел шара­лар қабылдап, сала­лық ведомствоға ғана емес, барлық салалық мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшыларына да тиісті міндеттер жүктеді. Әсіресе, алыс ауыл­дар мен шалғай елді мекен­дер­ді сапалы әрі тұрақты интер­нет­пен қамтамасыз ету бүгінгі күн­нің ең өзекті мәселелері қата­рын­да. Дегенмен  Үкімет 2023 жы­лы «Қолжетімді Интернет» ұлт­тық жобасын қабылдап, жоба ая­сында 2027 жылға қарай халық­ты 100 пайыз интернетпен қамту жос­парын бекіткен болатын. Рес­ми ақпаратқа сәйкес,  2025 жылы елі­мізде 300-ден астам ауылдық ел­ді мекен спутниктік интернетпен қамтамасыз етілді. Бұл қадам қала мен ауыл арасындағы цифрлық ал­шақтықты азайтып, ауыл тұр­ғын­дарына онлайн білім алу, элек­трондық қызметтерге қол жеткізу жә­не заманауи коммуникация құралдарын қолдану мүмкіндігін берді. Ал 2026 жылы нарыққа жаңа операторлардың шығуы және Direct-to-Cell технологиясының дамуы күтілуде. Бұл өзгерістер цифр­лық байланыс сапасын арт­тыра­ды және еліміздің әрбір тұр­ғы­­нына тұрақты әрі жылдам ин­тер­нетке қол жеткізуге жол ашады. Еліміз үшін бұл техникалық жаңа­лық қана емес. Ол қоғамның цифр­­лық сауаттылық деңгейіне жаңа талаптар жүктейді. Сондық­тан цифрлық дамуды тек инф­ра­құрылымды жаңарту емес, азамат­тардың білім деңгейін, икемділігін және технологияны меңгеру қабілетін, цифрлық сауатын арт­тыруға бағытталған шара ретінде қарастыру маңызды. Бұл тұрғыда зерттеушілер киберәлеуметтену (вир­туалды ортадағы әлеуметтену) жә­не цифрлық сауаттылық (ин­тер­неттегі ақпаратты іздеу, өңдеу және бағалау қабілеті) түсініктерін енгізе отырып, осы арқылы әлеу­мет­тік нормалар мен құнды­лық­тар­ды меңгеру қажеттігін ұсынады. 

2023 жылғы Стратегиялық жос­парлау және реформалар агент­тігінің мәліметтері бойынша, Қа­зақстан халқының 85%-ы ин­тер­нетті тұрақты пайдаланады, ал 15-24 жас аралығындағы жастар­дың интернет қолдану көрсеткіші 97%-ға жеткен. Бұл көрсеткіштер қоғамда киберәлеуметтену про­це­сі, әсіресе, жастар арасында ерек­ше қарқынды жүруде деген тұжы­рым­ды алға тартады. Сондай-ақ ха­лықтың цифрлық сауаттылық жә­не цифрлық дағдыларды тиімді қолдана білу, цифрлық қауіпсіздік мәселелерінде қазақстан­дық­тар­дың 34%-ы фишинг шабуылдары­на ұшырағаны, ал 41%-ы интер­нет­тегі жалған ақпаратты ажырата ал­­майтыны анықталған. 2003 жыл­­­ғы KazMedia Survey зерттеу­лері­­не сәйкес, жастардың 43%-ы әлеу­меттік желілердегі фейк жаңа­лық­тарға сенуге бейім болса, CyberCrime Report зерттеулері алаяқ­тық схемалардан зардап шеккен қазақ­стандықтардың саны 2021-2023 жылдары 32%-ға өскенін анық­­таған. 

Қазақстан Республикасы Пре­зиденті жанындағы Қазақстан ст­ра­тегиялық зерттеулер инс­ти­ту­ты, Экономикалық саясатты тал­дау бө­лімінің бас сарапшысы Әсел Әбен «Жаңа шындыққа бейімделу: эко­номикалық саясаттың жаңа ке­­зеңі» атты мақаласында «Цифр­лан­дыру саласында әлем жасанды ин­теллект пен автономдық жүйе­лер­ді өмір мен бизнестің барлық са­­ласына терең интеграциялау ке­­зеңіне аяқ басты, бұл еңбек на­ры­ғының құрылымын айтар­лық­тай өзгертеді. Мұндай жағдайда басты басымдық – адам капиталын дамыту: мамандарды дайындау, олар тек жүйелерді қолдана білу­мен шектелмей, күрделі ЖИ жүйе­лерін басқаруға қабілетті болуға тиіс» дейді. Ал ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова: «Біз адам капиталының жаңа моделін қа­лыптастырудың куәсі болып та­былатынымызға күмән жоқ, он­да білім ғана емес, жаңа тех­но­логиялармен жұмыс істеу қабілеті де бағаланады. Алгоритмдермен бірлесіп жұмыс істей білу қабілеті жасанды интеллект буынының негізгі дағдысына айналады деп ай­туға болады. Бұл бүгінде қандай дағ­дылардың сұранысқа ие болуы­на тікелей әсер етеді», дейді. 

Осы орайда біз Айгүл Заби­ро­ва­­­дан «Алгоритмдерді мең­геру­дің және оны дұрыс қоя білу­дің маңыз­дылығы деген не?» еке­нін сұрағанымызда, «Алгори­тм­­­дермен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларына цифрлық сауаттылық, анали­ти­ка­лық ойлау, ЖИ-ге міндеттерді қою қа­білеті, нәтижелерге талдау жа­сау, оқытудың икемділігі мен жыл­дамдығы секілді бірқатар шартты жат­қызуға болады» деп түсіндірді. 

– Қарапайым нәрседен бас­та­сақ, бүгінде алгоритмдер бізге қан­дай жаңалық көрінетінін, қан­дай жұмыс ұсынылатынын, тіпті не сатып алатынымызды да анық­тап отыр. Біз көбіне неге дәл осы ақпарат алдымыздан шыққанын ой­ламаймыз, бірақ оның артында ал­горитм тұрғанын білмейміз. Сон­­­­­дықтан мәселе алгоритмнің қа­лай әсер ететінін түсінуде. Ал­гори­тмді дұрыс қолдану оны соңғы шешім деп қабылдамау. Ол тек нұс­қа ұсынады, ал жауапкершілік адам­да қалуы керек. Егер осы айыр­ма­шы­лық жоғалса, техноло­гия адам ор­нына ойлай бастайды, – дейді маман.

Технологиялық төңкеріс: негізгі сынақ кім?

Шындығында, жасанды ин­теллект өркениетті өз­­гертетін индустриялық рево­лю­ция ретінде адамзатқа әсер етуге дайын тұр. Бұрынғы OpenAI зерт­теу­шілері мен киберқауіпсіздік са­рап­шыларының болжамынша, он жыл ішінде ЖИ-дің әсері өнер­кәсіп революциясынан асып түсуі мүм­кін. Бұл тек өндіріс пен эконо­ми­каға ғана емес, адамның қабі­лет­теріне, ойлау тәсіліне және бі­лім алуына да әсер етеді. Сонымен қа­тар еңбек нарығына, тіпті күн­де­лікті өмірге түбегейлі өзгерістер әке­летін тегеурінді күш дейді. Сон­дықтан заманауи техноло­гия­ны сауатты қолдана білетін, жа­сан­ды интеллектіні басқаруға қа­білетті, ақылды адам интеллектісін жетіл­діру бүгінгі қоғам үшін аса маңызды. Болашақта әрбір азамат тек ақпаратты тұтынушы емес, оны талдай білетін, ЖИ мүм­кін­дік­терін тиімді пайдалана білетін жаңа заман адамына айналуға тиіс.

– Жаңа дәуірдің адамы жа­сан­ды интеллектіге қашатын да адам емес. Бұл шекара қоя алатын адам. Мұ­ны балалар мен оқу мысалынан анық көреміз, үй тапсырмасын бір батырмамен орындауға болса жұ­мыс емес, ойлау процесі жоғалады! Ата-ананы алаңдататыны баланың өз бетімен ойлану дағдысынан айы­рылу қаупі. Алдағы уақытта үй­рену, қайта үйрену және шешім үшін жауапкершілік алу қабілеті аса маңызды болады. Негізгі сы­нақ адамның өзінде, – дейді А.Забирова. 

Маманның пікірінше, тех­нологиялық төңкеріс ЖИ-ге сынақ емес, негізгі  сынақ ада­мның өзінде дейді. Бұл зама­ны­на қарай адамы немесе адамына қа­рай заманы деген жалпыадам­зат­тық мәңгілік сауалға ұқсайды де­сек болады. Дегенмен еліміз үшін бұл сынақ тек ғылыми фан­та­зия емес, адам капиталын да­мыту бағытындағы стратегиялық міндет. Мемлекет осы бағытта  цифр­лық сауаттылықты арттыру, бі­лім беру жүйесін жаңарту және кә­сіби даярлық бағдарламаларын да­мыту арқылы әр азаматтың ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалуына мән береді. Сонымен қатар жо­ғары­да айтқанымыздай, ауылдық елді мекендерге спутниктік ин­тер­нет енгізу, нарыққа жаңа опе­ра­торлардың шығуы және Direct-to-Cell технологиясының дамуы ел­дің барлық тұрғындарына зама­науи байланыс құралдарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Қазірдің өзінде Astana Hub технопаркі Industrial AI Accelerator бағ­дар­ла­масы аясында тау-кен өндірісі, энергетика, меди­цина, қаржы тех­нологиялары жә­­не мемлекеттік қыз­меттер сала­ла­рында жасанды ин­теллектіні ен­гізу­де 27 қанатқақ­ты жо­баны іске қос­ты. Ал адам ка­пи­талын да­мыту мақ­сатында ми­нистрлік ал­дағы 5 жылда 1 млн адам­ды жасанды интел­лек­ті­мен жұмыс істеу дағдыла­ры­на үйретуді жоспарлап отыр. Бұл ба­ғытта Alem.ai халықаралық жа­­сан­ды интеллект орталығы құры­лып, онда білім беру, зерт­теу, стар­­­тап­тарды қолдау бағы­тын­дағы жо­ба­лар жүзеге асыры­лады. Цифр­лық даму, инновация­лар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі Astana Hub-пен бірлесіп, еліміздің азаматтарын цифрлық болашаққа дайындауға маңызды қадамдар жасап жатыр.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ