in

Автобустағы әйнекті сындырған жолаушы 20 тәулікке қамауға алынды

Қалалық автобуста жүргізуші кабинасының әйнегін сындырған 44 жастағы ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, оқиға туралы хабарлама қоғамдық көліктен түскен. Тексеру барысында ер адамның автобус өзі түсуге тиіс аялдамаға тоқтамай өтіп кеткеніне ашуланғаны анықталды.

Жолаушы жүргізушімен сөзге келіп, ашуға булығып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып сындырған.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, келтірілген материалдық шығынды толық өтеуге міндеттеді.

Полиция қоғамдық орындардағы даулы жағдайларды заң аясында шешуге шақырып, агрессия көрсету, мүлікті бүлдіру және қоғамдық тәртіпті бұзу заңмен жауапкершілікке әкелетінін еске салды.