Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 105-орындағы испаниялық Джессика Бузас Манейромен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін 2024 жылы Аустралияда өткен United Cup турнирінде кездесіп, онда Рыбакина 6:2, 6:3 есебімен басым түскен еді.
Бір сағат 8 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Испаниялық спортшы 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 58-ракеткасы, Украина өкілі Юлия Стародубцевамен таласады.