in

Tomiris — UAE SWAT Challenge турнирінде үздіктер қатарында

Команда физикалық, тактикалық әрі психологиялық даярлықтың мықтылығын дәлелдеп, әйелдер құрамалары арасында бірінші орынды жеңіп алды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ал жалпы командалық есепте 18-орынға тұрақтап, бірқатар ерлер командалары арасында озық нәтиже көрсетті. Бұл — олардың тыңғылықты дайындығы мен темірдей тәртібінің, үйлесімді іс-қимылының нақты айғағы.

Tomiris құрамасының табысы — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың жемісі. Бұл жеңіс — жеке құрамның кәсіби біліктілігі мен жоғары жауынгерлік дайындығының айқын дәлелі.

Команданың бұл жолғы жеңісі — тек спорттық табыс емес. Бұл — ішкі істер органдары жүйесіндегі әйелдер бөліністерінің қарқынды дамуы мен олардың әлеуетінің артып келе жатқанының айқын көрінісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.