in

TikTok LIVE Қазақстанда Наурыз онлайн-фестивалін іске қосады

20–31 наурыз аралығында платформа Kazakh Tourism және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің қолдауымен ел тұрғындарын ең сүйікті мерекелердің бірі – Наурыз төңірегіне біріктіреді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Негізгі назар — музыка, мәдениет және тікелей эфирдегі шынайы байланыста.

Танымал тиктокерлер Suhrab_k, Bekarti және Shony_ansar Астана мен Алматыдағы іс-шаралардан тікелей эфир жүргізіп, мерекенің атмосферасын сол сәтте бөліседі 

«Біз TikTok-тағы Наурыз онлайн-фестивалін қолдауды жалғастырамыз. Бұл жоба ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті дәріптейтін маңызды digital алаң ретінде өзін дәлелдеді», — деп атап өтті Kazakh Tourism басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.