Әнші Ерке Есмахан көрерменге қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі алты айдың ішінде 9 ән жазып, 9 бейнебаян түсірген. Әнші үш жыл декреттік демалыстан кейін шығармашылыққа қайта оралуына күйеуі RaiM қолдау көрсеткенін айтты. Ол жұбайының өнер жолын жалғастырғанын қалаған.
“Жаным, жарқырап жүріп әніңді айт”, – дейді RaiM.
Ерке Есмахан 9 ән жазып, 9 бейнебаян түсіруге жарты жыл уақыт кеткенін атап өтті.
Желі қолданушылары әншіге жылы лебізін білдіріп жатыр.
“Жұбайының әйелін қолдағаны қандай керемет”, “Күйеуінің осындай үлкен қолдау көрсетуі сүйсіндіреді”, “Міне, салауатты қарым-қатынас деген осы. Сүйіктісін үйде жасырып ұстамай, керісінше, онымен мақтанып, еркіндік береді”, – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.