in

Kazakhstan — UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы

Бес бәсекелі күн ішінде әлемнің 48 елінен 109 команда іс-әрекеттің шеберлігін, жылдамдығын, тактикалық ойлауын және үйлесімділігін барынша көрсетті. Қазақстан құрамасына еліміздің күш құрылымдарынан құралған “Kazakhstan А”, “Kazakhstan B”, “Kazakhstan C”, “Kazakhstan D” командалары және “Kazakhstan Tomiris” әйелдер командасы қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кетейік, Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков Дубайда болып, әскери қызметшілерге қолдау көрсетіп, өз тәжірибесі мен тағылымын бөлісті.

Жарыстың бесінші күнінде қатысушылар ең серпінді кезеңдердің бірі — Obstacle Course (кедергілер жолағын) бағындырды. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша “Kazakhstan B” командасы І орын иеленді, ал “Kazakhstan A” бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке кірді.

Турнирдің басты жаңалығы “Kazakhstan С” командасының тамаша жеңісі болды, ол барлық жарыс күндерінің қорытындысында UAE SWAT CHALLENGE-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.

Жалпы рейтингте екінші орынды “Kazakhstan А” командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар қорытынды кестеде қазақстандық командалар арасында позициялар келесідей бөлінді:

Қазақстандық командалардың жеңісі мен жүлделі орындары — отандық арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жоғары жауынгерлік дағдыларының, дене дайындығы мен кәсібилігінің көрсеткіші. UAE SWAT CHALLENGE-2026-да сәтті өнер көрсету Қазақстанның халықаралық беделін нығайтты және біздің жауынгерлеріміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.