Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа образымен видео жариялап, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
«Әпшем JLO әпшемнің мотивациясына тойып, жатып алған-ау», «Не болды мынаған?», «Қарын жарқырап калай кетті, балалары жігіт болғанда», «48 жас деген әлі жассыз ғой. Күйеуі қайтыс болған адамға өмір сүруге, күлуге, әдемі болып жүруге болмай ма?», «JLO жаман әсер етіп жатыр бәріне», – деп жазды желі қолданушылары.
Осы орайда тележүргізуші «Жолдасы қайтқан адамға ұқсамайды ғой. Жасарғысы келіп жүр» деп жазған оқырманның пікірін жауапсыз қалдырмады.
«Мұхтар есімді оқырман жазыпты. Әйелдің сыбатына, түріне, шашына, тырнағына, көзіне көп жағдайда сын айтатын осы ер адамдар. Ер-азаматқа жараспайды деп ойлаймын. Өз ойын фактімен айтқысы келетін шығар, бірақ әйел тақырыбынан бөлек те жайттар толып жатыр ғой. Ал физиологиялық тұрғыда жасармайтынымды білемін. Қартайып жатқанымды қабылдаған адаммын. Қала берді өзімнің жасымды ешқашан жасырған емеспін. Алла амандығын берсе, осы қыста 48 жасқа толамын. Бір-бірімізді қолдап, керісінше жылы-жұмсақ сөздер жазайықшы», – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.