in

«AMANAT»: Қызылордада 400-ден астам адам қатысқан марафон өтті

Қызылордада «AMANAT» партиясы облыстық филиалы мен «BIALI SPORT» ЖШС-ның бірлесіп ұйымдастыруымен  «BIALI MARATHON 2026» марафонын өткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спорттық шараға Алматы,  Шымкент қалаларымен қатар,  Түркістан және Ақтөбе облысынан желаяқ спортшылар қатысты.

Өңірде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың белсенділігін арттыру аталмыш спорттық шараның басты мақсаты саналады. Марафонда партияның   «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен  «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері де бақ сынап,  өз белсенділігін байқатты. 

Өз кезегінде партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай спорттық шараның маңыздылығына кеңінен тоқталып,  партияның сайлауалды бағларламасы аясында бұқаралық спортты дамыту,  спорт саласын қолдау бағытынлағы жұмыстарды баянлады.

«AMANAT» партиясының аймақтық филиалы тарапынпн «Халықпен бірге!»  сайлауалды бағдарламасы аясында  ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, өткен жылы 6 спорттық нысан пайдалануға берілді.  Нәтижесінде өңірде халықты спорттық инфрақұрылыммен қамту 1000 адамға шаққанда 56,5 пайызға жетті. Осы орайда «BIALI SPORT» серіктестігімен бірлескен марафон салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың бір көрінісі деп айтуға болады. Көпшілік шара мұнымен шектелмейді. Жуық арада «BIALI SPORT» серіктестігі, облыстық спорт басқармасымен бірлесіп, өңір тұрғындары аорасында «AMANAT health»  таңғы жаттығу жобасын да жүзеге асыруды көздеп отыр.  Бұл жоба 6 ай бойы жүргізіледі. Осы уақыт ішінде үздіксіз жаттығу жасаған адам айфон телефонымен марапталатын болады»,- деді Жандос Базартай.

Келесі кезекте «BIALI SPORT» ЖШС төрағасы Асхат Шаукенбаев алдағы уақытта да «AMANAТ» партиясымен бірлесіп, өңір спортын өркендету, бұқаралық спортты дамыту бағытында жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Жалпы жарысқа қатысушылар қашықтығы 5 және 10 шақырым аралығын ерлер мен әйелдер санаты бойынша жүгіріп өтті. Марафонның жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады. Жүзден жүйрік шыққпн жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталып, қатысушыларға арнайы медальдар табысталды.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы