Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын тоқтатады.
Бұл туралы әуекомпаниясы ресми телеграм каналда ақпарат жариялады.
Атап айтқанда, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылады.
Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару не 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.
Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.
Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды қайтару мәселелерін шешіп жатыр, – деп жазылған ресми хабарламада