in

«7 шақырым тереңдікте»: Түркияда тағы да жер сілкінді

Түркияның Самсун қаласы Везиркёпрю ауданында магнитудасы 4 болатын жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

AFAD мәліметінше, жерасты дүмпулері 00:20-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Samsun провинциясының Везиркёпрю ауданында орналасқан.

Жер сілкінісі шамамен 7 шақырым тереңдікте болған.

Самсун – Түркияның солтүстігінде, Қара теңіз жағалауында орналасқан қала.