Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова киімдерін сатылымға шығарды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бесінші сәбиін күтіп жүрген ол сәнді көйлектері сыймай қалғандықтан сатуды жөн көргенін айтты. Ол үшін арнайы парақша да ашқан.
«Қыз-келіншектер, мұқият болыңыздар! Сатылым басталды. Жүкті болған соң, бұрынғы киімдерім енді маған сыймайды. Сондықтан көпшіліктің сұранысымен көйлектерімнің бәрін сатылымға шығардым», – деп жазды актриса.
Киімдердің бағасы 100 мың теңгеден басталады. Ал ең қымбаты 600 мың теңге тұрады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.