in

«600 мың теңге»: аяғы ауыр Жұлдыз Әбдікәрімова киген көйлектерін сатылымға шығарды

Актриса  Жұлдыз Әбдікәрімова киімдерін сатылымға шығарды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бесінші сәбиін күтіп жүрген ол сәнді көйлектері сыймай қалғандықтан сатуды жөн көргенін айтты. Ол үшін арнайы парақша да ашқан.

«Қыз-келіншектер, мұқият болыңыздар! Сатылым басталды. Жүкті болған соң, бұрынғы киімдерім енді маған сыймайды. Сондықтан көпшіліктің сұранысымен көйлектерімнің бәрін сатылымға шығардым», – деп жазды актриса. 

Киімдердің бағасы 100 мың теңгеден басталады. Ал ең қымбаты 600 мың теңге тұрады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.