Ақтауда бойжеткен бес қабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп, өлмек болған, бесінші қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайта Lada-ға сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға кеше күндіз Ақтау қаласының 22-шағын ауданында орналасқан №6 тұрғын үйде болған.
Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен бес қабатты үйдің төбесінен құлаған сәтте 2-қабаттағы терезе үстіндегі темір қалқанға соғылып, кейін жерге құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен қыз аман қалған.
Өңірлік полиция департаменті 1993 жылы туған қыздың шынымен секіргенін растады. Сондай-ақ оның ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
“Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.