in

46 градус ыстық болады: Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде қатты жылу ыстық, осыған байланысты төтенше өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ және желдің 15-25 м/с дейін күшеюі түріндегі қолайсыз метеожағдайлар елдің солтүстік және батыс аймақтарында болуы ықтимал.

ТЖМ ұсыныстары: күн көзінде ұзақ болудан аулақ болыңыз; ауа райы болжамын қадағалаңыз; табиғатта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.

«Қазгидромет» синоптиктер республиканың көп бөлігінде Солтүстік-батыс циклонының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі дейді. Жаңбыр, найзағай, екпінді жел, 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

 

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градус жылыдан 15-23 градус жылыға дейін, күндіз 25-35 радус жылыдан 20-31 градус жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.

Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді,

17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, 19 маусымда 27-32 градус жылыға дейін төмендейді.

Шығыста түнде 12-23 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін, күндіз 27-35 градус жылыдан 35-39 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылайды, 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градус жылыдан 20-25 градус жылыға дейін аздаған жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градус қатты ыстықтан 30-38 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.