in

40 градусқа дейін ыстық болады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Қазгидромет 21, 22, 23 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіндегі ауа райына циклон және атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, бұршақ та жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейеді, ал еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Ауа температурасы бойынша айтарлықтай өзгеріс болмайды. Күндіз термометр бағаны батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 18-30 градус жылыны, Қазақстанның орталығында 20-33 градус жылыны көрсетеді. 

Шығыста кейбір аудандарда 35 градусқа дейін қатты ыстық болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.