Бүгін, 29 мамырда Қазақстан мегаполистерінің бірінде 30 градусқа дейін ыстық болады. Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Метеорологтердің мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
Астанада да күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 9,4 м/с.
Шымкентте де бүгін күн ашық болады. Күндіз 30 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,6 м/с.
Ал еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және шаңды дауыл күтіледі. Кей жерлерде жел екпіні 28 м/с дейін жетеді.