Полиция 20 жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Polisia.kz сілтеме жасап.
– Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмады. Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, – деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.