in

20 миллион теңгенің алтынын ұрлаған пәтер ұрылары ұсталды

Қазіргі таңда полиция бағалы бұйымдардың бөлігін иесіне қайтарып берді. Жедел-іздестіру  шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан бес ер адам құрықталды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Олар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, көбіне алтын бұйымдарды ұрлаған. Бір ай ішінде күдіктілер онға жуық үйді тонап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы мен болуы мүмкін эпизодтарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция азаматтарға ұрлықтың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігі туралы еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.