in

17 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлағандар ұсталды

Полицияның “102” нөміріне Тараз қаласының тұрғыны қоңырау шалып, пәтерінен 30-дан астам алтын бұйымын, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзу арқылы кірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асқан. Жедел-іздестіру  шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтады. Ұсталғанның бірі Түркістан облысының тұрғыны. Тінту кезінде күдіктілердің әрқайсысынан айғақ заттар табылған. Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген. Iшкi iстер министрлiгiнің мәліметінше, қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.