“Қазгидромет” мәліметі бойынша, республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Сондай-ақ елде желдің күшеюі, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтілуде. 16 аймақта қатты жел мен өрт қаупіне байланысты дауыл туралы ескерту жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігі дауыл туралы ескертулерді қадағалап, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды өтінеді!, – делінген министрліктің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.