Қазгидромет синоптиктері Қазақстан аумағына жылы ауа массалары келіп, жаз айларына сәйкес жылы ауа райын қалыптастырады деген болжам жасады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Алайда фронтальды жүйелердің ықпалы да сақталады. Солтүстік өңірлерде күндізгі уақытта термометр бағаналары 25-33 градусқа дейін, ал оңтүстікте 30-38 градусқа дейін көтерілгенімен, жаңбыр мен найзағай болады, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, – делінген хабарламада.
Қазгидромет мәліметі бойынша республиканың көп бөлігінде күн күркірейді. Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ елде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік — батыста тұман күтілуде. 16 аймақта қатты жел мен өрт қаупіне байланысты дауыл туралы ескерту жарияланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.