in

100 000 доллар: Асу Алмабаев UFC турниріндегі жеңісі үшін бонус алды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дің Бакуде өткен турнирінен кейін «Кештің үздік өнері» (Performance of the Night) номинациясы бойынша 100 мың АҚШ доллары көлеміндегі бонусқа ие болды.

Осылайша Алмабаев UFC тарихында 100 мың долларлық бонус алған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Бұл – Асу Алмабаевтың UFC-дегі мансабындағы екінші бонустық сыйақы. Бұған дейін ол ұйымдағы дебюттік жекпе-жегінде америкалық Оде Осборнды мерзімінен бұрын жеңіп, 50 мың доллар көлеміндегі бонус иеленген еді.

Баку турнирінде дәл осындай 100 мың долларлық «Кештің үздік өнері» бонусын Рафаэль Физиев, Абдул-Рахман Яхьяев және Даниил Донченко да алды.