in

Өңір болат өндірісінің көшбасшысына айналады

Аталған зауытқа биылғы сәуір айын­да Үкімет басшысы Олжас Бек­тенов арнайы ат басын бұрып, құ­рылыс жұмыстарымен жіті та­ныс­қан болатын. 

Jibek Joly арнайы эко­но­мика­лық аймағындағы толық өн­дірістік циклді металлургия ком­би­натының құрылысы өңіріміздегі ға­на емес, еліміз бойынша ірі ин­вес­тициялық жоба саналады. Ин­вес­тор – Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. қы­тай компаниясы.

Қазіргі уақытта инвестиция бойынша келісім жасалып, бөлін­ген жер учаскелерін құрылыс-мон­таж жұмыстарына дайындық бел­сен­ді жүргізілуде. Индустриялық ай­маққа теміржол, электр желілері жә­не табиғи газ сынды қажетті инф­рақұрылым тартылған.

Құрылыс кезеңінде 1,5 мың уа­қытша жұмыс орны ашылып, зауыт іс­ке қосылғаннан кейін 2,5 мыңнан ас­там адам тұрақты жұмыспен қам­тылмақ. 

Инвестор компания жұмыс кү­ші­нің кемінде 90 пайызын жер­гі­лік­ті тұрғындардан алуды көздеп отыр.

Жобаны жүзеге асыру екі ке­зеңге, яғни 2025 жылдан 2029 жыл­ға дейін жоспарланған. Зауытты пай­далануға беру 2027 жылға бел­гілен­се, одан кейінгі екі жыл ішінде өн­дірістік қуаттылықты кеңейту жұ­мыстары жүргізіледі.

Жалпы инвестиция көлемі – 756 млн доллар. Жаңа кәсіпорын те­мір кенін заманауи сутекті тех­но­ло­гиямен өңдеп, жылына 3 млн тон­­наға дейін өнім шығаруға қау­қар­лы болады. Бұл еліміздегі сутек не­гізіндегі шахта пешін пай­да­ла­натын алғашқы металлургиялық ке­­шен болмақ. Жоба саланың «жа­­сыл» трансформациясы талап­тары­на толық сай келеді.

Fujian Hengwang Investment Co., Ltd басқарма төрағасының орын­ба­сары Ли Чжундуннің айтуынша, зауыт толық қуатына шыққан соң оның өнімі ішкі нарықтағы болат тап­шылығын өтеп қана қоймай, Орта­лық Азия, Украина мен Еуропа ел­деріне экспортқа шығаруға қау­қарлы болады екен.

– Құрылыс аяқталғаннан кейін біз­дің өнім Қазақстан нарығындағы бо­лат тапшылығын толықтай жаба алады. Ішкі сұранысты қанағаттан­дыра отырып, біз сонымен қатар көр­­шілес елдерге де өнім жеткізу ар­қылы Қазақстан экономи­ка­сы­ның және экспорттық әлеуетінің да­муына үлес қоса аламыз. Жоба іс­ке қосылған соң, ол тек өндіріс са­­ласының емес, сонымен қатар ло­гис­тика, кен игеру, тіпті туризм мен қоғамдық тамақтану секілді са­лалардың да дамуына серпін бере­ді, – дейді Ли Чжундун. 

Әрине, жобаны іске асыру өңір­дің әлеуметтік-экономикалық да­муы­на оң әсерін тигізетіні хақ. Бұ­дан бөлек, мәмілелескен міндет­теме­лер шеңберінде Fujian Hengwang компаниясы Шу қаласында тұрғын үй кешендерін салып, сон­дай-ақ аумақтарды көгалдандыру, балабақшалар мен қалалық саябақ­тар салуды қоса жүзеге асырады.

Fujian Hengwang Investment Co., Ltd. бүгінде ҚХР-дағы үш метал­лур­­гиялық кәсіпорынды басқара­тын және жылына 23 млн тоннаға дейін болат өндірісінің көлемін ба­­қылайтын өнеркәсіптік өндіріс­тегі ең ірі әлемдік көшбасшы болып са­налады. Жобаларының инвес­ти­циялық көлемі 6 млрд доллардан аса­ды. 

Міне, осындай алпауыт компа­ния Қазақстанға инвестиция салуға қызуғышылық танытып, теңдессіз жо­­баны жүзеге асыруда. Бұл Жам­был облысын болат өндірісі сала­сын­дағы көшбасшыға айналдырады де­ген үміт зор.