2026 жылғы қаңтар айында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден Қазақстан аумағына карантиндік өнімдерді әкелу кезінде өсімдік карантині саласында 121 заң бұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Карантиндік фитосанитариялық тексеру жүргізу барысында белгіленген фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін карантиндік өнімдерді әкелу деректерінің жолы кесілді.
Негізгі себептері фитосанитариялық сертификаттың болмауы, ұсынылған құжаттардың талапқа сай келмеуі, таңбалаудың жоқтығы, сондай-ақ өнімді қайталама тексеруге ұсынбау.
Нақтылап айтқанда, 85 оқиға бойынша карантиндік өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған, 11 дерек бойынша фитосанитариялық талаптар бұзылған, сондай-ақ фитосанитариялық сертификат талапқа свй емес, сонымен қатар, карантиндік нысандар анықталды және өзге де заңбұзушылықтар тіркелді. Заңды талапты бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.