Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жүріп бара жатқан көлік жолаушысы әйнектен аяғын шығарып, өзіне және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген бейнежазбаны анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тексеру іс-шараларының нәтижесінде жүргізуші мен жолаушы анықталды. Құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Полиция жол қозғалысы кезінде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтамау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салып, мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін атап өтті.