«Aсе» лақап атымен танымал Ninety One тобының әншісі Азамат Ашымақын көпшілікке сүйіктісін көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол Instagram парақшасында сүйіктісімен бірге түскен видео жариялады.
“Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді. Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Бақытты болыңыздар. Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты. Танысып қойыңыздар, бұл – Нұрила”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тіледі.
“Бақытты болсын”, “Қандай керемет жаңалық”, “Бүгін біраз қыз жылап қалатын болды-ау”, “Азамат той жасамаймын деген”, “Беташар қашан болады екен”, «Міне, Муза. Міне, Махаббат», – деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ACE (@acetagrammy)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.