in

Өзара достық – өңірлік тұрақтылық кепілі

Кездесу барысында қазақ-өз­­бек стра­тегиялық серіктестігі мен одақ­тас­тық қа­­­­ты­нас­тары­ның өзек­ті мәсе­ле­лері парламен­тара­­лық байланыстар­ды да­мыту тұр­­ғы­сынан талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тан­­зила Нарбаеваға ілти­пат білдіріп, оның Астанаға са­пары Қазақстан мен Өз­бекстан ара­­сындағы стратегиялық ын­­ты­­мақтастықтың айрықша си­пат­та өр­­біп келе жатқанын рас­тай­­ты­нын атап өтті.

Мемлекет басшысы қос ха­лық ара­сын­дағы достық, тату көр­­ші­лік бай­ла­ныс­тарды ны­ғай­туға Өз­бекстан Олий Мә­жілісі Се­наты тө­рағасының қосқан үле­­сін жо­ғары бағалады.

– Сіздің сапарыңыз елдері­міз­­­дің ара­сын­дағы достық қаты­нас­­­тарды нығайту тұр­ғысынан өте маңызды. Біз бауырлас Өз­­бек елі­мен ынтымақтасты­ғы­мыз­­ды да­­мытуға ерекше мән бе­ре­міз. Мұны Орта­лық Азия өңі­ріндегі тұ­рақтылық пен қауіп­­сіздікті сақ­тау­да өте маңыз­ды фак­тор деп са­­­наймыз. Екі ел­дің ықпал­дас­ты­­ғы неғұрлым ты­ғыз әрі табысты өр­бі­ген сайын, жалпы өңірдегі жағ­дай да ты­ныш болады. Сіздің са­парыңыз парла­мен­таралық бай­ланысты кеңейту үшін шын мә­нінде маңызды рөл атқарады, – деді Мемлекет бас­шысы.

Танзила Нарбаева қонақ­жай­­лық та­ныт­қаны үшін Қазақ­стан Пре­зидентіне ал­ғыс айтып, Пре­зи­дент Шавкат Мир­зиёев­тің сә­ле­мін жеткізді.

– Президентіміз Сізге ыстық ықы­­ла­сын жолдап, алға қойған мін­­деттердің сәт­ті жүзеге асуына ті­лек­тестік білдірді. Қол жет­кізіл­­ген уағдаластықтардың бәрі же­­ке ба­қылауында екенін айтты. Біз – Пре­зиденттің бүкіл коман­дасы, со­ның ішін­де Парламент оны іске асы­рып, нақ­ты нәти­же­ге қол жет­кізу үшін аянбай ең­­бек етеміз. Өзіңіз айтқандай, Өз­бекс­тан мен Қа­зақстан – бір-бірі­не ең жақын әрі сенімді се­рік­­тестер, – деді Өз­бекстан Олий Мәжілісі Сена­ты­ның спи­кері.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тан­­зила Нарбаева парламента­ра­лық дипло­ма­тия­ны, сондай-ақ сау­да-экономикалық және ин­вес­тициялық ынтымақтас­тық­ты одан әрі дамыту мәселе­ле­рін тал­­­­­қылады. Мә­дени-гу­ма­нитар­лық байла­ныстарды ны­ғайтуға айрықша мән берілді.

Мемлекет басшысы орайлы сәт­­­­ті пай­даланып, Өзбекстан Пре­­­з­иденті Шав­кат Мирзиёевке жы­л­ы лебізін жол­дады.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты страте­гия­лық серіктестікті те­рең­­­де­­туге сіңірген ең­бегі үшін Тан­­зи­ла Нарбаеваны II дәре­желі «До­с­­тық» орденімен марапат­та­ды.