Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың жолдасының бірінші некесінен туған ұлы Әлішердің неден көз жұмғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
“Жігітті жер қойнына тапсырдық. 22 жаста. Бар өмірі алда еді. Жақындары қайғыдан есеңгіреп қалды. 8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күндігі өтеді. Бәрі білсін – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүрек байланысы. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы емес. Алайда осы жылдар ішінде туғандай болып кетті. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы. Ажардың ағасы. Көп адамының оның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр: Ақтөбеде көлік қағып кетті. Досының үйлену тойына барған”, – деп жазды продюсер.
Айта кетейік, әнші бұған дейін жолдасының ұлын өз баласындай көретінін айтып, «Мама» деп атайтыны үшін оған алғыс білдірген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.