Әнші Меруерт Түсіпбаеваның әкесі өмірден өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жазды.
«Әкем фәни жалғаннан озды… Әдетте, 88 жас деген той ғой деп жұбатады жақындар. Осы сөздермен іштей келісіп , шүкір еткенмен, мәңгілікке қоштасу неткен қиын… Әкем мені төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді… Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен, баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші еді. Баян өңіріне есімі кеңінен таныс, өнерлі жан еді …..Рухыңыз пейіште шалқысын, папа», – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.