in

Әнші Еркін Нұржан ауылға барып, ыңғайсыз жағдайға қалды (видео)

Әнші Еркін Нұржан ауылда бейнебаян түсіріп жатқандағы оқиғаны баяндады, – деп жазды Aikyn.kz

Өнер иесі апасының үйінде бейнебаян түсіремін деп, ыңғайсыз жағдайға қалған.

“Ауылдағы бауырмалдық қой. Апамыздың үйінде бейнебаян түсіріп жатқан едік. Ауылдағы кісілер топырлап үйге келіпті. Сыртта көліктер тізіліп тұрған еді. Соны көріп, “Апамызға бірдеңе болып қалды” деп уайымдап келген екен. Ал біз біраз ыңғайсызданып қалдық” – дейді Еркін Нұржан ауыл халқының бауырмалдығына сүйсініп.

@erkin_nurjanov

Ауылым❤️ ♬ оригинальный звук – Еркін Нұржанов

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.