in

«Үнсіз ғана құшақтап, көз жасымды тыя алмадым»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды

Актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғыш қызы Сезімнің мектеп бітіру кешіне қатысты әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Актриса бұл сәт өміріндегі үлкен белестердің бірі болғанын жеткізді. Сонымен қатар қызының бұл жетістігі өзінің ана ретіндегі еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

«Қызым маған жүгіріп келіп, құшағыма ене кетіп, қатты қысып “Анашым! Рақмет!” дегенде тамағыма өксік келді. Тілімді жұтып қойғандай үнсіз ғана құшақтап, кешірім сұрауымды тоқтатпадым. Іштей тілеуімді тілеп, көзімнің жасын тыя алмадым. Баланы аман-есен дүниеге әкелу, ешкімге өкпесіз өсіру, ерінбей дамыту, зейінін ашу, ауыспалы кезеңде сабырмен үнсіз тыңдау, сенім арту, жылағанда жұбату, сүрінгенде қолдау, жетістігіне қуану, сұрағына толыққанды жауап беру, махаббатың мен мейіріміңді аямай беру, сөйлесуге уақыт бөлу арқылы ғана балаңнан күтпеген, сұрамаған жерден жемісіңнің дәмін сезу — ғажап сезім екен. Сол эмоцияны кеше басымнан өткіздім де, өзіме риза болдым. Жаратқанға сансыз шүкір!» – деді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.