in

Құтқарушылар үйінде есінен танып жатқан адамды аман алып қалды

ТЖМ құтқарушылары ер адамға көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

112 шұғыл қызмет пультіне Қарағанды қаласының пәтерлердің бірінде ер адам байланысқа шықпай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Мекенжайға жедел түрде құтқарушылар келіп, үш иінді сатының көмегімен екінші қабатта орналасқан пәтерге балкон арқылы көтерілді. Олар кіреберісте есінен танған ер адамды тапты. 

Құтқарушылар дәрігерлер келгенге дейін дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.