Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты сәтті күтіп жүргенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші биыл әріптестерінің баласы үйленіп, қыздары ұзатылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар өзінің де баласы үйленетін күн алыс емес екенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады.
“Биыл әншілердің дені келін түсіріп, қыз ұзатып жатыр. Мирас қызын ұзатты. Нұрлан Еспанов келін түсірді. Сәкен де келін түсіріп, қуанып жатыр. Ақбота Керімбекова келін түсірді. Біздікі де жақындап қалды-ау. Ата-ене болуға дайындалайық. Қазақстанның әр өңіріндегі салт-дәстүр де әртүрлі. Қыз бен жігіт өзара шешім қабылдап, отбасын құрамыз десе, қадамды неден бастауы керек?! Қыз ұзатып, келін түсіргендер ойларыңызды бөліссеңіздер?! Құдалықты қалай жасадыңыздар?” – деп сұрады өнер иесі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.