Әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына Лос-Анджелестегі үйін көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
«Достар, қайырлы күн. Құдай маған көршіні берді. Ирина, сізбен көрші болғаныма қуаныштымын. Бұл кісі қазақша білмейді, Челябіден. Жолдасы мексикалық, үш баласы бар. Осылай көрші тұрамыз. Ауламыз ортақ», – дейді актриса бейнежазбада.
Америкадағы өмірі туралы айтқан актрисаға оқырмандар жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Америкада өмір сүру оңай емес, адал еңбектің арқасында күн көріп отыр», «Қарапайым үй – қарапайым бақыт», «Бақытты болыңыз. Әр әйел бақытты болуға лайықты», «Ұзағынан сүйіндірсін», «Айгул ханым, бақытты да, жақсы адаммен өмір сүруге лайықсыз. Осыған дейін қанша еңбек еттіңіз», – деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 𝐀𝐈𝐆𝐔𝐋 𝐈𝐌𝐀𝐍𝐁𝐀𝐘𝐄𝐕𝐀 (@aigul_imanbayeva)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.