in

Қарағанды облысында орманда адасқан екі азаматты дронмен іздеді

Бүгін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орманда серуендеп жүріп адасып кеткен 1973 және 1977 жылы туған екі азамат құтқарылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен жергілікті қызметтер жұмылдырылды. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында олар Қарқаралы қаласынан шамамен 10 шақырым қашықтықтан табылды.

Азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.