Әнші Кенжебек Жанәбілов Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, оқырмандарына ерекше сұрақ қойды.
Видеода өнер иесінің қызымен бірге билеп тұрған сәті көрсетілген. Әнші жазбаға қысқаша ғана: «Қай қызым?» деп жазып, оқырмандарынан жауап күткен.
Желі қолданушылары видеоның астына жылы пікірлер қалдыруда. Бірі видеодағы қызды Кәрима десе, енді бірі Кәлима екенін жазып жатыр.
Оқырмандар әкесі мен қызының жарасымды биіне сүйсініп, оларға ақ тілектерін арнаған.