Алматының «Қайрат» клубы 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Соңғы турда алматылықтар өз алаңында «Астанамен» 1:1 есебімен тең ойнап, алтын медальға қол жеткізді
Матчтың алғашқы таймында «Астана» капитаны Марин Томасов есеп ашты. Алайда екінші таймда «Қайрат» ойыншысы Дастан Сәтпаев таразы басын теңестіріп, нәтижені сақтап қалды.
Маусым қорытындысы бойынша «Қайрат» 59 ұпаймен бірінші орынға ие болды, ал басты қарсыласы «Астана» 57 ұпаймен екінші орынды қанағат тұтты.
Бұл — «Қайраттың» клуб тарихындағы бесінші чемпиондық атағы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз