in

«Қазіргі әзіл-сықақтың деңгейі төмен, сатирик жоқ»: актер Асылбек Боранбай жанайқайын жеткізді

Актер Асылбек Боранбай “1001 түн” бағдарламасында қазір әзіл-сықақтың деңгейі төмендеп, жазатын сатирик қалмағанын айтты, – деп жазды  Aikyn.kz.   

Оның айтуынша, әрбір театр жекеменшік болғаннан кейін өзі күн көріп отыр.

“Елімізге бір мемлекеттік сатира театры керек. Қазіргі әзіл-сықақтың деңгейі төмен. Өйткені оны жазатын сатирик жоқ. Қоятын режиссер жоқ. Жекеменшік болған соң, өздері жазады, өзі ойнап, өзі қояды. Мұндай жерде сапа болмайды. Петросянның бір театрына 500-ден астам автор жазады екен, оны таңдап алады. Біздің сатириктер 10 саусаққа де жетпейді. Болашақта үлкен концерт қойғымыз келеді. Оған демеуші керек. “Тамашаны” қалпына келтіруіміз керек”, – дейді Асылбек Боранбай. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.