in

“Қазгидромет”: оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі

Бүгін еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай соғып және дауыл  күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Солтүстікте жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ соғып, таңертең тұман түседі. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарында ыстық ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстік-батысында ауа райы ашық болады. Бірқатар облыстарда, әсіресе елдің оңтүстік және батыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының шығысында қатты жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай соғып, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 12 + 14 °, күндіз + 27 + 29 ° болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 23 + 25 °, күндіз + 33 + 35 ° болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жаумайды. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 21 + 23 °, күндіз + 34 + 36 °.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.