Колумбияның Медельин (Колумбия) қаласында өткен әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды.
Оlympic.kz мәліметінше, спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.