in

Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасында екінші жеңісіне жетті

Шахматтан Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың екінші тур ойындары өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы 49-орындағы Босния және Герцеговинаны 3:1 есебімен жеңді. 

Cпортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Бибісара Асаубаева мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарымен ұпай бөліссе, Меруерт Камалиденова, Елназ Қалиахмет өз үстелінде басым болды. 

Әйелдер 

Қазақстан-Босния және Герцеговина – 3:1 

Бибісара Асаубаева – Милана Бабич 

Меруерт Камалиденова – Маса Бабич 

Елназ Қалиахмет – Маса Максимович 

Зарина Нұрғалиева – Сара Жакимович 

Ерлер арасындағы бәсекеде де отандастарымыз 84-орындағы Нигериядан айласын асырды. Есеп: 3,5:0,5. Құрамадан тек Даниал Сапенов ғана тең түсіп, Денис Махнёв, Алдияр Аңсат және Жандос Ағманов жеңіске жетті.

 Ерлер 

Қазақстан-Нигерия – 3:5:0,5 

Денис Махнёв – Абдулрахман Акинтойе Абдулрахим 

Даниал Сапенов – Одион Айхоже 

Алдияр Аңсат – Барзоломев Еммануэль Охипо 

Жандос Ағманов – Одей Гуднесс Екунке

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.