Қазақстандық шахматшылар Олимпиадада сәтті өнер көрсетіп жатыр
Қазақстанның әйелдер құрамасы 2026 жылғы шахмат Олимпиадасында қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Спорт Шредингера» телеграм арнасына сілтеме жасап.
Бесінші турда қазақстандық шахматшылар Германия құрамасын 2,5:1,5 есебімен жеңді. Командаға шешуші ұпайды Меруерт Камалиденова әкелді.
Осы жеңістен кейін Қазақстан әйелдер құрамасы бес турдың қорытындысы бойынша Олимпиададағы үздік бес команданың қатарына енді.
Ал Қазақстанның ерлер құрамасы бесінші турда Эстониямен кездесті. Матч 2:2 есебімен тең аяқталды.