Қазақстан құрамасы Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада алғашқы алтын медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Таеквонда жарысында 67 келі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров финалда Түркиядан келген спортшыны жеңіп, жазғы Универсиаданың жеңімпазы атанды.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, бүгінде ел қоржынында 1 алтын, 6 қола медаль бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.