in

Қазақстандық спортшылар бұл аптада әлемдік деңгейдегі қандай сайыстарға қатысады?

Туризм және спорт министрлігі осы аптада қазақстандық спортшылар бақ сынайтын сайыстар кестесін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

16-23 маусым – Семсерлесуден Азия чемпионаты
Ел құрамасынан 23 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Нуса Дуа қаласы, Индонезия

16-23 маусым – Көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионаты
Жарыста отандық 7 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: София қаласы, Болгария

16-24 маусым – Жағажай волейболынан Азия чемпионаты
Турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Рой-Эт қаласы, Таиланд

18-19 маусым – Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты
Ел намысын 30 балуан қорғайды.
Өтетін орны: Вунгтау қаласы, Вьетнам

18-21 маусым – Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы әлем кубогы кезеңі
Жарысқа отандық 6 гимнаст қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан

18-26 маусым – Пара пауэрлифтингтен әлем кубогы
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай

20-21 маусым – Велотректен халықаралық жарыс
Турнирде 4 велошабандозымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Котбус қаласы, Германия

21-22 маусым – Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир
Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.