in

Қазақстандық жұп әртістік жүзуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзуден соңғы сайыс күні өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз әйелдер арасында өткен еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізді.

Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ал Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова алтын медаль иеленсе (209.9784 ұпай), Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян 183.4671 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.