Қазақстанда Кітапханашылар күнін атап өту тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді кәсіби мереке 23 сәуірге белгіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мерекелердің осылайша бір күнге тоғысуы оның мән-маңызын арттыра түсіп, кітапханалардың білім тарату мен мәдени мұраны сақтаудағы орны ерекше екенін айқындайды.
Жаңа күннің белгіленуі кітап мәдениетінің қоғамдық және кәсіби маңызын ұштастырып қана қоймай, іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Бұл салада 20 мыңнан астам маман еңбек етеді.
Айта кетейік, бұл күн ЮНЕСКО бекіткен Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен де сәйкес келеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.