in

Шымкентте музыка пәні мұғалімдеріне Президент атынан мемлекеттік наградалар табысталды

Марапаттау рәсімінде Аида Балаева өнер саласының ұстаздары мәдени құндылықтарды сақтап, кеңінен насихаттауда, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және күй өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған «Күй күмбірі» республикалық акциясын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін Президент Жарлығымен төмендегі педагогтер марапатталды:

– «Құрмет» орденімен – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Гүлфайруз Елжанова;
– «Ерен еңбегі үшін» медалімен – №46 мектеп-лицейдің музыка пәні мұғалімі Еркежан Намазова;
– «Алғыс» грамотасымен – №58 жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Гүлзира Даржанова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.